Accessibility links

Кабардин-Балқарда алты бүлікшінің көзі жойылды


Нальчикте қауіпсіздік күштерінің терроризмге қарсы операциялардың бірінде, Кабардин-Балқар. (Көрнекі сурет).
Нальчикте қауіпсіздік күштерінің терроризмге қарсы операциялардың бірінде, Кабардин-Балқар. (Көрнекі сурет).

Ресей билігі қауіпсіздік күштері Солтүстік Кавказ аймағындағы Кабардин-Балқар республикасында күдікті алты бүлікшінің көзі жойғанын хабарлады.

Ұлттық антитерорлық комитеттің хабарлауынша, 23 шілдеде республика орталығы Нальчик қаласында жүргізілген терроризмге қарсы операцияда көпқабатты үйдегі пәтерге бекінген күдікті алты бүлікші мерт болған.

Комитет бұған қоса жарылғыш заттар жасайтын заңсыз шеберхананы тапқанын айтады.

Ресейдің мұсылмандар басым Солтүстік Кавказ аймағында Совет одағы құлағаннан кейін Шешенстанда болған екі соғыстан соң пайда болған исламшыл бүлікшілер қауіпсіздік күштерімен жиі қақтығысып қалады.

XS
SM
MD
LG