Америкалық республикалық-сенаторлар Иран ядролық бағдарламасын сынға алды.
Сенаттың халықаралық істер комитетінің жетекшісі Роберт Коркер алтылық пен Иран арасындағы келісім кезінде АҚШ "алданды" және келісім Амеркиа үшін тиімсіз деп мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иран мен алтылық келісімі АҚШ-тың мүддесіне толық сай келетінін, егер сенат келісімге қарсы шықса, Тегеранға ядролық қару жасауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін Иран мен "алтылық тобы" арасындағы келіссөз шілденің 14-і күні Венада түпкілікті келісімге келген еді.