Accessibility links

Украина коммунистердің сайлауға қатысуына тыйым салмақ


Украина әділет министрі Павел Петренко.
Украина әділет министрі Павел Петренко.

Украина әділет министрлігі жаңа заңнама қабылданғаннан кейін коммунистерді алда келе жатқан жергілікті органдарға сайлауға қатысуына тыйым салды.

Әділет министрі Павел Петренконың 24 шілдеде айтуынша, Украина коммунистік партиясы, Украина жұмысшылары мен шаруаларының коммунистік партиясы мен Украина реформашыл коммунистік партиясының қазан айында өтетін сайлауға қатысуына тыйым салынады.

Петренко бұған қоса бұл партияларды жабу туралы өтініш түсіретінін де айтты.

Коммунистік партия 2012 жылы өткен парламент сайлауында 13 пайыз дауыс жинап, Украина саясатында ықпалды күш болған. Бірақ өткен жылы халық толқуларында биліктен кетірілген ресейшіл бұрынғы президент Виктор Януковичті қолдағаннан кейін қолдаудан айырыла бастаған.

2014 жылы өткен парламент сайлауында Украина коммунистік партиясы 4 пайыздан аз дауыс қана жинаған. 2000 жылы Украина коммунистік партиясынан Украина жұмысшылары мен шаруаларының коммунистік партиясы мен Украина реформашыл коммунистік партиялары бөлініп шыққан. Бұл екі партия 2012 және 2014 жылғы парламент сайлауларына қатысқан жоқ.

Украина сәуір айында совет кезеңіндегі кейбір коммунистік символдарға тыйым салатын және коммунистік идеологияны айыптайтын заңдар қабылдаған.

24 шілдеде Украина коммунистік партиясы жетекшісі Петр Симоненко өз партиясы тыйымға қарамастан сайлауға қатысатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG