Accessibility links

АҚШ президенті Кенияға барды


Кенияға сапармен келген АҚШ президенті Барак Обама (ортада) құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын жазып отыр.
Найроби, 24 шілде 2015 жыл.
Кенияға сапармен келген АҚШ президенті Барак Обама (ортада) құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын жазып отыр. Найроби, 24 шілде 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні кешке Кенияға барды. Бұл – Ақ үйдегі жоғарғы билік басына келген уақыттан бері Обаманың әкесінің туған еліне алғаш рет ресми сапармен баруы.

Обаманы әуежайда қарсы алғандардың арасында оның әпкесі Аума да болды. Қала орталығындағы қонақүйге бет алған АҚШ президентінің кортежін қызықтауға көше бойында көп адам жиналды.

Бұл жолғы сапарында Барак Обама кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саммитке, сауда және инвестициялар бойынша, терроризмге қарсы күрес, демократия мен адам құқықтарын кеңейту жөніндегі келіссөздерге қатысады деп жоспарланған.

Обаманың келуіне байланысты Найробиде қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтіліп, кемінде 10 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Қаланың бірқатар аудандарында жолдар жабылған. Обама мінген ұшақтың қонуын қамтамасыз ету үшін әуежайда әуе кеңістігі де жабылған. Енді бұл әуежай Обама осы елден Эфиопияға ұшатын жексенбі күні тағы да жабылмақ.

Қауіпсіздік қызметтері «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар сомалилік «Әл-Шабаб» экстремистік тобына байланысты қырғалықты күшейтіп отыр. Бұған дейін Кенияда осы экстремистік топ жасаған бірнеше шабуылдан көп адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG