Accessibility links

Грекия ХВҚ-нан қосымша несие сұрады


Грекия мен Еуропа Одағы туларын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Грекия мен Еуропа Одағы туларын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Грекия үкіметі үшінші қаржылай көмек бағдарламасы жайлы келіссөздер өтіп жатқан кезеңде өзіне қосымша несие бөлуді сұрап Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) өтініш жолдады.

Бұл туралы ресми хат Афинада грек үкіметі мен халықаралық кредиторлар – Еуропа одағы, Еуропа орталық банкі және ХВҚ арасында келіссөздер жүріп жатқанда ХВҚ басшысы Кристин Лагардқа табыс етілген.

Келіссөздерге қатысушылар тамыздың 18-іне шейін Грекияға қаржылай жәрдемді жалғастыру туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Еуро аймағына енетін елдер бұған дейін, шілденің 17-і күні, Грекияға 86 миллиард доллардың несиесін беру туралы үш жылдық жоспар жөнінде алдын ала келісімді бекіткен.

XS
SM
MD
LG