Accessibility links

Талғар өзеніндегі сел қаупінің беті қайтты деп хабарланды


Тасқын су басқан елдімекенде жүрген адам. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.
Тасқын су басқан елдімекенде жүрген адам. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Сел қатеріне байланысты Алматы облысындағы Талғар қаласы маңындағы «Спутник» балалар лагерінен 515 адам эвакуацияланған деп хабарлады Tengrinews сайты Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 400 бала және 115 ересек адам тауға көшірілген.

Ресми мекеменің хабарлауынша, қазір сел қатері бәсеңдеген. Аудан тұрғындарына жіберілген SMS-хабарламада гидрологиялық нысандар арқылы суды шұғыл ағызып жатқаны туралы айтылған.

Бұған дейін Талғар өзенінің жоғарғы жағында орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен адамдарды ішінара эвакуациялау басталғаны және таудағы жауын салдарынан Алматы облысындағы Комсомол мұздығы астындағы Талғар өзенінде сел қаупі пайда болғаны туралы хабарланған еді.

Бұл уақытта Алматы қаласында шілденің 23-іне қараған түні болған селден соң қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апат Қарғалы өзені бойындағы жүзден аса үйге зардап әкелген.

XS
SM
MD
LG