Бүгін ҚазҰУ-да информатикадан 27-халықаралық олимпиада (IOI-2015) басталады. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, бұл олимпиадаға 80 елден 630 қатысушы келген.
IOI ережесі бойынша қатысушылар күніне бес сағаттың ішінде үш тапсырмадан шешуі керек. Олимпиада 2 тамызда аяқталады
Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI) 1989 жылдан бері ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді.