Лидия Стародубцева үкімет әскері Ресей қолдайтын сепаратистермен соғысып жатқан Шығыс Украинадан фоторепортаж ұсынады. "Құдай мен адамдары ұмытып кеткен кеңістікті елестетіп көріңізші. Шартты түрде - Украина территориясы. Іс жүзінде - бейтарап аймақ. Бейбіт келісімге қарамастан бір жылдан астам аймақ екі жақтан да атқыланып жатыр. Ондаған елді мекен, кент пен қала: Светлодарск, Красногоровка, Марьинкада тұрғындар жертөлелерде, көбіне жарықсыз тұрып жатыр. Тамақты отқа дайындайды. Айнала - минадан пайда болған шұңқырлар мен снарядтар, қираған үйлер" дейді Лидия Стародубцева көргендері жайлы.
Майдан шебінде
Украинаның антитеррорлық операция аймағынан Лидия Стародубцованың фоторепортажы. .

1
Славянскіге баратын жол. Шілде 2015 жыл.

2
Монах Варнава. Шілде 2015 года.

3
Еріктілер Славянскіге гуманитарлық жүк тиеп жатыр.

4
Қыздар Анечка мен Никочка украин әндерін айтып жүр. Славянск қаласы, шілде 2015 жыл.

5
Үйдің сыртына жазылған "Мен ораламын" деген жазу. Славянск, шілде 2015 жыл.

6
Әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін "ПРОЛИСКА" еріктілер командасының төрағасы Евгений Каплин.

7
Славянскідегі фотограф, ерікті Виктория Ивлева.

8
Сал болып қалған Анна Гребенюк. Оны 11 шілдеде "ПРОЛИСКА" гуманитарлық миссиясының еріктілері Галициновка кентінен Киевтегі қарттар үйіне әкеткен.

9
Еріктілер Славянск қаласында гуманитарлық көмек таратып жүр. Шілде 2015 жыл.

10
Луганское кентіндегі қираған нысан.

11
Солнечный ықшам ауданының Красногоровка көшесі.

12
Монах Варнава мен жүргізуші Андрей.

13
Еріктілер Славянскіде гуманитарлық көмек таратып жүр.

14
Луганск кентіндегі суретке түсірілерден бірнеше сағат бұрын ғана снаряд түсіп қираған үй.

15
Луганск кентінде тұратын қыз - Даша.

16
Луганск кентінде Дашаның отбасы атыстан қорғанатын жертөле.

17
Жертөледегі Даша ұйықтайтын орын, Луганск кенті.