Accessibility links

АҚШ Израиль шпионын түрмеден босатпақ


АҚШ билігін Джонатан Поллардты түрмеден босатуға шақырған плакаттар жанынан өтіп бара жатқан адам. Иерусалим, 20 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскери-теңіз барлауының бұрынғы қызметкері, Израиль пайдасына шпиондық жасаған деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған Джонатан Поллард қарашаның 21-і күні мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмақ. Ол түрмеде отыз жыл отырған.

Поллард 1985 жылы қарашада Вашингтондағы Израиль елшілігін паналамақ болған кезде ұсталған. Оның ісі АҚШ пен Израиль арасынадағы қарым-қатынасқа сызат түсірген. Поллард 1987 жылы Израильдің пайдасына шпиондық жасап, ерекше құпия мәліметтерді бергенін мойындаған. Осыған дейін Тель-Авив АҚШ-тан Поллардты босатуды сұрап бірнеше рет ұсыныс жасаған.

Былтыр Тель-Авивті палестиналықтармен келіссөздерден бас тартпауға ынталандыру шараларының бірі ретінде Джонатан Поллардты түрмеден мерзімінен бұрын босату жайлы ұсыныс айтылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG