Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ақорда алдында ұсталғандар
29 шілде 2015 жыл, 12:24
Руслан БОТАЙҰЛЫ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа басындағы ауыр жағдайды айтып, жәрдем сұрау үшін Ақордаға келген оралман әйелді сегіз баласымен бірге полиция ұстап әкетті. Оқиғаны түсіруге барған Азаттық тілшісіне де билік өкілдері күш көрсетті.
1
Екінші топтағы мүгедек, сегіз баланың анасы Жеңісгүл Ермұхамет шілденің 29-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығу үшін Ақордаға келді.
2
Жеңісгүл күйеуінің бірінші топтағы мүгедек екендігін, ол қазір ауруханада жатқанын айтады. 2004 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қоныс аударған оралман отбасы былтыр Астанаға көшіп, осы кезге дейін 35 мың теңгеге баспана жалдап тұрып келіпті. Жақында жергілікті билік ол баспананы сүріп тастаған соң, көпбалалы отбасы қиын жағдайға тап болған.
3
Ерлі-зайыпты оралмандардың отбасындағы сегіз баланың алтауы Қазақстанда дүниеге келген.
4
Жеңісгүл Ермұхамет Қазақстан азаматтығын алған.
5
Қалалық прокуратура мен қала әкімдігінен келген өкілдер «әкімдікке барып сөйлесуге» шақырғанымен, өзін президентке жолықтыруды талап еткен әйел әкімдікке барудан бас тартты. Бұдан соң полицейлер әйелді балаларымен бірге көлікке күштеп отырғызып, Ақорданың алдынан алып кетті. Билік өкілдері оқиға орнынан хабар дайындап жүрген Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлының журналистік құралдарын тартып алып, оны күштеп көлікке салып алды.
6
Полиция көлігі әйелді балаларымен бірге Астананың Алматы аудандық әкімдігіне алып келді. Осы жерде біршама уақыт көлік ішінде отырған соң, оларды аудан әкімдігінің жуапты қызметкерлері қабылдады.
7
Астананың Алматы аудандық әкімдігі Жеңісгүл Ермұхаметті қалалық тұрғын үй басқармасына жіберді.
Ақорда алдында ұсталғандар
XS
SM
MD
LG