Accessibility links

Қырғызстан: Мешіт мүфтият рұқсатымен ғана салынуы мүмкін


Қырғызстандағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда мешіт Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен ғана салынуы мүмкін. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы мемлекеттік дін істері жөніндегі комиссия басшысы Орозбек Молдалиев айтты.

Оның сөзінше, жұрт "бақылаудың жоқтығынан" әр жерде мешіт сала береді. Олардың арасында "сайлау кезінде мұсылман электоратының қолдауын алғысы келетін саясаткерлер де бар".

Қырғызстанда 2 мыңға тарта мешіт бар. Олардың 800-дейі тіркеуден өткен.

XS
SM
MD
LG