Accessibility links

Алматыда жоғалған екі бала іздестіріліп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда із-түзсіз жоғалған екі бала іздестіріліп жатыр деп хабарлады бүгін қалалық ішкі істер департаменті.

Полицияның дерегінше, ағайынды 2008 жылы туған Александр Нахаев пен 2010 жылы туған Полина Нахаева есімді екі бала 28 шілде күні жоғалған. Балалар Медеу ауданындағы саяжайлық үйлердің бірінен қараусыз қалған кезде шығып кетіп, содан табылмаған.

Александр мен Полинаның бет-әлпеттері еуропалық типтес, шашы ақшыл, қысқа. Александрдың бойы 120, Полинаның бойы 110 сантиметр.

Департамент балалардың қайда екеніне қатысты ақпарат білген адамның Медеу аудандық ішкі істер басқармасына хабарласуын сұрайды.

XS
SM
MD
LG