Ресей әуе-ғарыш қорғанысы әскерлерін құру үшін бірнеше әскери құрылымдарды біріктірген. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудің сөзіне қарағанда, "бұл-шешім Ресей әуе қорғанысын күшейте түседі".
Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен әуе күштері, әуе қорғанысы әскерлері, зымыранға қарсы және ғарыштық әскерлер біріктірілген.
Жаңа құрылған әуе-ғарыш қорғанысы күштерін генерал-полковник Виктор Бондарев басқарады. Ал сарапшылар "Ресей осындай әрекеттер арқылы Украинадағы қақтығыстар кезінде араздасқан Батыс елдерін тіксінтіп қоймақ" дейді.