Accessibility links

Президент зейнетақы туралы заңға өзгерістерді бекітті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 17 маусым 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 17 маусым 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңда базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа ережесін енгізу қарастырылған. Ол бойынша, 2017 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері «зейнеткерлік жасқа жеткен кездегі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталмақ».

Құжатта 2018 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы жүйесінің «жұмыс берушінің қосымша міндетті бес пайыздық зейнетақы жарнасы» есебінен жаңа шартты жинақтаушы компонентін құру да қарастырылған. Бұл жарналық төлемдер азаматтың меншігі болмайды. Ол әрбір жұмысшының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ашылған шартты зейнетақы шотында тіркеліп отырады.

Құжатта бұған қоса келесі жылдан бастап барлық күштік құрылымдар қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG