Accessibility links

ІІД: Астана әуежайынан бомба табылмады


Астана әуежайының ғимараты.
Астана әуежайының ғимараты.

Қазақстан ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бүгін Астана әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шыққан.

«Іздеу жұмыстары кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. Барлық жолаушылар әуежай ғимаратына жіберілді. Астана әуежайы штатты режимде жұмысын жалғастырып жатыр» делінген департамент хабарламасында.

Полиция органдары әуежайға бомба қойылған туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9:08 кезінде Астана әуежайының анықтама бөліміне ғимаратқа бомба қойылғаны туралы телефон арқылы суыт хабар түскен. Бұдан кейін әуежай ғимаратындағы адамдар сыртқа шығарылып, рейстердің ұшу кестесіне өзгертулер енгізілген.

XS
SM
MD
LG