Accessibility links

Украина прокуратурасы Януковичті тергеуге шақырды


Виктор Янукович BBC-ге сұхбат беріп отыр. Шілде, 2015 жыл.
Виктор Янукович BBC-ге сұхбат беріп отыр. Шілде, 2015 жыл.

Украина бас прокуратурасы бұрынғы президент Виктор Януковичті 11 тамыз күні тергеуге шақырды. Шақырту бас прокуратураның ресми "Урядовый курьер" басылымында жарияланды. Онда Януковичтің прокуратураға "қылмыстық іс бойынша тергеу және процессуалдық жұмыстар жүргізу үшін" шақыртылғаны айтылады.

Бұған дейін Януковичтің адвокаттары оның украин құқық қорғау органдарына видео байланыс арқылы жауап беруге дайын екенін, бірақ бас прокуратура оны қашықтан тергеуден бас тартқанын хабарлаған.

2014 жылы ақпанда биліктен кетірілген Виктор Януковичтің үстінен Украинада бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оған "билікті заңсыз басып алды және "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыптар тағылған. Биліктен кетірілген Янкуович Ресейге кетіп қалып, кейін оған Украина іздеу жариялаған.

27 шілдеде Киевтің Печерский аудандық соты Януковичтің үстінен сырттай тергеу жүргізуге рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG