Accessibility links

Авиадартс-2015: Қазақстан екінші орын алды


Су-25 әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет)
Су-25 әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет)

Ресейде «Авиадартс» халықаралық әскери әуе техникасы байқауында, он номинацияның барлығында ресейлік ұшқыштар үздік өнер көрсетіп, жалпы есеп бойынша бірінші орынға шыққан. Екінші орында – Қазақстан, үшінші орынды Қытай ұшқыштары иеленген деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Ресейдің Рязан облысында өткен байқауға ұшақтар мен тікұшақтардың 12 түрі, 100-ден аса ұшқыш қатысып, Рязан, Брянск және Калуга облыстарында үш аэродром пайдаланылған.

Қазақстандық ұшқыштар Су-25, Су-27, МиГ-29 ұшақтары және Ми-8 тікұшақтарымен қатысқан.

Жарысқа қатысушылар жалпы алғанда 300 сағаттан аса уақыт бойы әуеде жаттығулар жасаған.

XS
SM
MD
LG