Accessibility links

Түркиядағы жарылыстан жеті адам жараланды


Түркия әскерінің тікұшағы. (Көрнекі сурет)
Түркия әскерінің тікұшағы. (Көрнекі сурет)

Түркияда болған жарылыстан бес полицей, екі бейбіт тұрғын жараланған. Түркиялық Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Стамбулдағы Сұлтанбейлі ауданындағы полицей бөлімшесіне шабуыл жасалған. Шабуалдан кейінгі өрттен үш қабатты үйдің біраз бөлігі жанған. Бірнеше көлік пен тұрғын үйге де зақым келген. Әзірге бұл шабуылды ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Осыған дейін Түркия қауіпсіздік күштері күрд жұмысшылары партиясының әскерилерімен бірнеше рет қақтығысып қалған. Бұдан бөлек, Анкара "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының бақылауындағы аймақтарға әуе шабуылдарын бастаған болатын.

XS
SM
MD
LG