Accessibility links

Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан кетті


Әділбек Жақсыбеков.
Әділбек Жақсыбеков.

"Ақорда" сайтының мәлімдеуінше, Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Жақсыбеков Астана қаласы әкімі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін қатар атқарып келген.

Осыған дейін Қазақстан президенті бұл қызметке Алматы қаласының әкімі болып істеген Ахметжан Есімовті тағайындаған.

Ал Алматы қаласы әкімі болып «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, 41 жастағы Бауыржан Байбек тағайындалды.

Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы болып істеген Талғат Ермегияев «аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деген күдікпен маусым айында үйқамаққа алынған еді.

XS
SM
MD
LG