Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды. Назарбаев Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаевпен кездеседі.
Бұған қоса, Назарбаев Қазақстан-Қырғызстан шекарасында кедендік бақылау бекетін алып тастау рәсіміне қатысады.
5 тамызда Астана Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді ратификациялаған.