Accessibility links

Әзербайжан: Журналист өліміне күдікті футболшы қамалды


Әзербайжандық журналист Расим Әлиев аурухана төсегінде жатыр.
Әзербайжандық журналист Расим Әлиев аурухана төсегінде жатыр.

Әзербайжан полициясы "Габала" футбол клубының ойыншысы Жавид Гусейновті журналист Расим Әлиевті өлімші етіп соққыға жығу ісіне қатысты қамауға алды.

Әзербайжан бас прокуратурасы 11 тамызда Гусейновке "жоспарланып жатқан қылмысты полицияға хабарламады" деген айып тағылғанын және егер айыпты деп танылса бес жылға дейін сотталуы мүмкін екенін хабарлады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бес адам қамауға алынған.

30 жастағы журналист Расим Әлиев 8 тамыз күні аяусыз соққыға жығылып, 9 тамыз күні Баку ауруханасында қайтыс болған.

Әлиев ауруханада жатқанында өзін Facebook-те Гусейновті сынап жазған жазбасы үшін футболшының туыстары соққыға жықты деген. Бірақ 9 тамыз күні Гусейнов журналистің соққыға жығылуына қатысы барын жоққа шығарған.

10 тамызда "Габала" клубы Гусейновтің тергеу аяқталғанша ойыннан шеттетілгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG