Accessibility links

Кубадағы АҚШ елшілігінде ту көтеру рәсімі өтті


Кубадағы АҚШ елшілігіндегі ту көтеру рәсімі. Гавана, 14 тамыз 2015 жыл.
Кубадағы АҚШ елшілігіндегі ту көтеру рәсімі. Гавана, 14 тамыз 2015 жыл.

Кубада жарты ғасырдан уақыттан соң АҚШ елшілігі қайтадан ресми түрде жұмысын бастады. Жұма күні Гаванадағы АҚШ елшілігінде америкалық туды көтеру рәсімі өтті. Шараға АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысты.

Салтанатты рәсімге 1961 жылы Гаванадағы АҚШ елшілігі жабылған кезде АҚШ туын түсіргендердің арасында болған америкалық теңіз жаяу әскерінің үш ардагері де қатысты.

Ту көтеру рәсіміндегі сөзінде бұл оқиғаны «тарихи сәт» деп атаған Джон Керри, сонымен бірге өз сөзінде АҚШ Кубаны саяси өзгерістер жасауға шақыруды жалғастыра береді деп мәлімдеген.

Куба шілде айында Вашингтонда өз елшілігін қайта ашқан. Арада жарты ғасыр астам уақттан соң дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіру туралы келісімге келгенімен, екі ел арасында қарама-қайшы позициялар өзгерген жоқ. Куба лидері Рауль Кастро АҚШ-ты Кубаға қарсы экономикалық санкциялар салғаны үшін сынайды.

АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасы Куба революциясынан кейін, 1961 жылы нашарлап, дипломатиялық байланыс үзілген соң, көп ұзамай Вашингтон Кубаға қарсы экономикалық санкциялар салған. Санкциялар әлі жойылған жоқ.

XS
SM
MD
LG