Accessibility links

Еуротоп Грекияға жәрдемнің үшінші пакетін мақұлдады


Еуротоп жетекшісі Йерун Дейсселблум.
Еуротоп жетекшісі Йерун Дейсселблум.

Еуро аймағына енетін елдердің қаржы министрлері Грекияға дағдарысқа қарсы қаржылай жәрдемнің үшінші пакетін мақұлдады. Ол шамамен 86 миллиард еуроны құрайды.

«Қарыз ақша Грекияға жақын үш жылда беріледі» делінген жұма күні Еуротоп таратқан мәлімдемеде.

Еуротоп жетекшісі Йерун Дейсселблум Афинаға көмек беруге қатысты талқылауда пікір қайшылығы болғанын растап, бірақ, қортындысында даулы мәселелер жөнінде келісімге келгендерін айтқан.

Жұма күні Брюссельде өткен Еуротоп отырысы алты сағатқа жалғасты. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, онда несие алу үшін Афина жүзеге асыруы тиіс қатаң шаралар мен реформалардың егжей-тегжейі талқыланған.

XS
SM
MD
LG