Accessibility links

ФИФА-дағы жанжал: Хулио Роча өзін экстрадициялауға келісті


ФИФА-дағы коррупциялық жанжал ісі бойынша күдікке ілінген Хулио Роча (оң жақта) және Джеффри Уэбб.
ФИФА-дағы коррупциялық жанжал ісі бойынша күдікке ілінген Хулио Роча (оң жақта) және Джеффри Уэбб.

Коррупциялық жанжал ісі бойынша биыл мамырда Швейцарияда ұсталған халықаралық футбол федерациясы шенеуніктерінің бірі Хулио Роча өзін Отаны - Никарагуаға экстрадициялауға келісті. Никарагуа мен АҚШ бұған дейін Швейцариядан Рочаны беруді сұраған.

ФИФА-да даму жөніндегі директор болып істеген Хулио Роча оған дейін Никарагуа ұлттық футбол федерациясын басқарған.

АҚШ прокуратурасы «бопсалаған», «пара алған» және «күмәнді ақшаны заңдастырған» деген айыптар таққан ФИФА-ның 17-і шенеунігінің жетеуі мамырда Швейцарияда ұсталған.

Рочаны Никарагуаға экстрадициялауға АҚШ-тың келісімі қажет болады.

Никарагуа прокуратурасы Хулио Рочаға «жеке бас пайдасын көздеп қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айып таққан.

Рочамен бірге Швейцарияда ұсталған ФИФА-ның бұынғы вице-президенті Джеффри Уэбб АҚШ-қа экстрадицияланған. Бұрын Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Кариб бассейні елдерінің футбол конфедерациясын басқарған Уэбб Нью-Йоркқа оралған соң сот оны 10 миллион долларлық қарыз міндеттемесі негізінде абақтыдан кепілге босатып, үй қамауына отырғызған. Уэбб өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG