Accessibility links

Алматыда бал мерекесі өтті


Бал сатушы ер адам жәрмеңкеге шығарған өнімдерін сатып алушыларға ұсынып тұр. Алматы, 16 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Бал сатушы ер адам жәрмеңкеге шығарған өнімдерін сатып алушыларға ұсынып тұр. Алматы, 16 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматыда православ дінін ұстанатын жұртшылық өкілдері бал мейрамын (Медовый Спас) тойлады. Шығыс славян халықтарының дәстүрі бойынша, бұл мереке бал жинау науқаны басталғанын білдіреді.

Жексенбі күні Алматыдағы 28 гвардиялық панфиловшылар саябағындағы Свято-Вознесенск соборы жанында өткен мереке аясында бал өнімдері көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқан қазақстандық бал өндірушілер мейрамға келген жұртқа өз өнімдерін ұсынды.

Мереке кезінде қазақстандық бал өндірушілердің көрмесі өтті. Онда 20-дан астам отандық омарташылар келушілерге өз өнімдерін ұсынды.

Бал мейрамына келген жұртшылыққа арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған қатысушы әртүрлі халық аспаптары ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

Бүгін Алматымен бірге Астана, Семей мен Шымкент қалаларында да бал мейрамы атап өтті.

XS
SM
MD
LG