Қазақстанда бүгін спорт күнін атап өтті. Елдегі кәсіби және өзге мерекелер туралы Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, тамыз айының үшінші жексенбісі – спорт күні болып белгіленген.
Бүгін осы атаулы күнге байланысты, Астанадағы «Аружан» ойын-сауық орталығында арнай шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында спорттық гимнастика мен қол күресінен турнирлар өткізілді.
Алматыда орталық стадионда үстел теннисі, сумо, гир көтеру, стритбол мен қол күресінен көпшілік жарыстар ұйымдастырылып, арқан тарту, воркаут тәрізді спорттық ойындар мен жаттығулардан жарыстар өтті. Балалар мен ересектер асық атудан жарысты.