Accessibility links

Магистратура мен PhD-ге түсу емтиханы өтіп жатыр


Емтихан тапсырып шыққан талапкерлер. Көрнекі сурет
Емтихан тапсырып шыққан талапкерлер. Көрнекі сурет

Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу үшін емтихан өтіп жатыр. Талапкерлер 10-15 тамыз аралығында шет тілінен тест тапсырып, межелі 50 балл алғандар шығармашылық емтиханға өткен.

Шығармашылық емтихан бүгін басталып, 20 тамызға дейін жалғасады. Ал магистратура мен докторантураға грантқа түскендердің толық тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, биыл Қазақстанда магистратураға 7 мың 241 грант, докторантураға 623 грант бөлінген.

XS
SM
MD
LG