Стамбулда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглудың кеңсесі - 19 ғасырда салынған Долмабахче сарайын күзетіп тұрған полицейге оқ атты деген күдікпен екі адам ұсталды.
Түркиялық Dogan агенттігінің хабарлауынша, қарулы адамдар 19 тамызда оқ атылған маңға жақын жерде ұсталған. Hurryet басымының ақпаратына қарағанда, оқ атылған жаққа жедел жәрдем көліктері барып, жолдар жабылған. Бірақ әзірге оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Оқиға Түркия қауіпсіздік қызметі елдің оңтүстік-шығысында күрд көтерілісшілеріне қарсы шабуылдар ұйымдастырып, әскерилер көршілес Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы операциялар жүргізіп жатқан тұста болып отыр.
Түркияда соңғы апталарда ИМ тобына, күрд көтерілісшілеріне қатысы бар деген күдікпен 1 мыңнан астам адам ұсталған.