Accessibility links

Еуропа лигасы: "Қайрат" "Бордодан" жеңілді


"Қайрат" футбол клубының ойыншылары.
"Қайрат" футбол клубының ойыншылары.

Футболдан Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасы іріктеуі плей-офф кезеңінің алғашқы матчында франциялық «Бордо» клубынан 1:0 есебімен ұтылды.

Кездесудегі жалғыз голды ойынның 26-минутында Вахби Хазри салды. Енді қарымта матч 27 тамызда Алматының орталық стадионында өтеді.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.

Биыл «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шығып отыр.

XS
SM
MD
LG