Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық спортшы Кейси Деллаквамен бірге жұп құрап, АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты.
Олар ширек финилда Елена Веснина (Ресей) мен Елена Янкович (Сербия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Енді Шведова мен Деллаква жұбы жартылай финалда тайпейлік Чжуан Цзяжун және Се Шувэй жұбымен кездеседі. Матч 22 тамызда өтеді.