Accessibility links

Уолл-стрит: биржа индекстері күрт құлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Нью-Йорк қор биржасында жұма күні Dow Jones іскерлік белсенділік индексінің төмендеуі 530 пунктен асып, 3,1 пайызды құрады. 500 компанияның акцияларының бағамын айқындайтын тағы бір негізгі индекс S&P 500 – 3,2 пайызға құлаған. Бұл Нью-Йорк биржасы тарихында бір тәулікте тіркелген ең нашар сауда нәтижесі. Dow Jones индексі бұған дейін мамырда тіркелген ең шекті деңгейінен 10 пайыздан астамға төмендеген.

Сарапшылар бұған Қытай экономикасы дамуының күрт бәсеңдеуіне байланысты болашақ табыстарға қатысты пессимистік болжамдар жасалуы негізгі себеп болғанын айтады.

Қытайға шығарылатын экспортқа қатты тәуелді Apple компаниясының акциялары өз құнын алты пайыздан астамға жоғалтқан. Сол сияқты, қор нарығындағы жағдай өзге де жоғары технологиялық және энергетикалық компаниялардың акцияларының бағамына да кері әсер еткен. Батыс Техас мұнайының бір баррелінің бағасы, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін алғаш рет 40 доллардан төмендеген.

Бақылаушылардың сөзінше, биржада қатты дүрбелең туғандықтан, ондағылар қазір кез-келген жаңалықты жағымсыз жағынан қабылдауға бейім. Сарапшылар биржада бағам құлдырауы жақын күндері жалғасуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Әйткенмен, жұма күні биржада болған жағдай 1987 жылы 19 қазанда тіркелген рекордқа көп жетпейді. «Қара дүйсенбі» деп аталған сол күні бір сауда сессиясында Dow Jones индексі 22,6 пайызын жоғалтқан еді.

XS
SM
MD
LG