Accessibility links

Астанада дзю-додан әлем чемпионаты басталады


Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов (көк формада).
Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов (көк формада).

Бүгін Астанада дзю-додан әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа Қазақстан толық құраммен қатысады. Жүлдеге таласатындар арасында 2014 жылғы Азия ойындары чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов және Азия чемпионы Гүлжан Исанова бар.

Былтыр Қазақстан азаматтығын алған моңғолиялық легионер Галбадрахын Отгонцэцэг те жарысқа қатысады.

Бүгін әйелдер арасында 48 килограмм, ерлер арасында 60 килограмм салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан құрамасынан Галбадрахын Отгонцэцэг пен Анастасия Подрядова (48 килограмм), Елдос Сметов пен Рустам Ибраев (60 килограмм) жарысқа шығады.

XS
SM
MD
LG