Accessibility links

Білім министрлігі: 23 "Алтын белгі" иегеріне грант берілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған 39 "Алтын белгі" иегерінің 23-і Қазақстан жоғары оқу орындарына түсті.

Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық қатынастар департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев Астанада өткен брифингте 16 "Алтын белгі" иегеріне грант беру мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

Осыған дейін білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов грантқа түсе алмаған 39 "Алтын белгі" иегеріне грант берілетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG