Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекара маңындағы атыстан кейін шабуылды тоқтату келісіміне келді. Келіссөз екі күнге созылып, 24 тамыз күні оған қол қойылған. Пхеньян екі оңтүстіккореялық солдаттың жаралануына өкініш білдірген.
Келісімде Сеул Солтүстік Корея шекарасы маңында дауыс ұлғайтқыш радиомен насихат хабарларын тоқтататынын мәлімдеген.
Соңғы 65 жылда екі елдің шекара маңында жиі атыстар болып келеді. 1950-53 жылғы екі ел арасындағы қақтығыс татуласумен аяқталған. Бірақ қос Корея бейбітшілік туралы келісімге келмеген еді.