Қазақстандағы мектептерге биылғы оқу жылынан бастап жаңа пәндер енгізілді. Бұл туралы тамыз педагогикалық кеңесінде білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
«Үшiншi сыныптардан бастап "жаратылыстану", "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәндерi енгiзiледi және "әлемтану" пәнi жаңа мазмұнмен толығады. "Жаратылыстану" пәнi жоғарғы сыныптарда өтетiн биология, физика сияқты пәндердiң кiрiспе курсы ретiнде оқытылады. Ал "әлемтану" қоғамдық-гуманитарлық пәндер үшiн ортақ база болмақ. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнi компьютер мен жаңа технологияларды игерудiң бағыты ретiнде оқытылады» деді министр.
Білім және ғылым министрі биылғы жылы Қазақстанда 330 мың бала бірінші сыныпқа баратынын да айтты.