Accessibility links

Алматыда борышкерді үйінен шығарды


"Ақкент" ықшамауданындағы 39-үй тұрғыны, борышкер Әлия Әділжанның үйінен шығарылған заттар. Алматы, 26 тамыз 2015 жыл.
"Ақкент" ықшамауданындағы 39-үй тұрғыны, борышкер Әлия Әділжанның үйінен шығарылған заттар. Алматы, 26 тамыз 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданындағы үйлердің бірінде
борышкерді үйінен шығарып тастады. «Ақкенттегі» тұрғындардың сөзіне
қарағанда, сот орындаушылар тамыздың 26-сы күні таңертең келіп, үй иесі Әлия Әділжанның жоқтығына қарамастан үйге кіріп, ішіндегі дүние-мүлікті сыртқа шығарып, есікке мөр соғып кеткен.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі «Ақкен» ықшам ауданындағы 39-үй
2-пәтердің есігінде сот орындаушының мөрі басылған қағаз
жапсырылып тұрғанын көрді. Подъезд алдында он шақты тұрғын 2-пәтерден шығарылған жиһаз, кілем, тоңазытқыш секілді мүліктің жанында жүрді. Тұрғындар үй иесі өзі жоқта заттарын сыртқа шығарып тастағанынан бейхабар болуы мүмкін дейді.

Бұл жайтқа қатысты Алатау аудандық сот орындаушысы Алмасбек
Елтоқов Азаттыққа өзінің әрекеті «заңды» екенін айтады. Сот
орындаушысының сөзінше, пәтер иесіне 20
шілде күні Алатау аудандық сотының «пәтерден шығару» туралы шешімі негізінде пәтерді босату туралы екі рет ескерту қағаз жіберілген. Елтоқов үшінші рет борышкердің өзінің қатысуынсыз дүние-мүлкін сыртқа шығаруға "мәжбүр болғанын» айтады.

XS
SM
MD
LG