Accessibility links

"Астана" чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты


"Астана" футбол командасының ойыншылары (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды).

“Астана” чемпиондар лигасы іріктеуі плей-офф кезеңінде Кипрдың АПОЭЛ клубымен кездесіп, жеңіске жетті. 27 тамызда Никосияда өткен қарымта матч 1:1 есебімен аяқталды. 18 тамызда Астанада өткен бірінші матчта 1:0 есебімен “Астана” жеңіске жеткен.

Екі матч қорытынды бойынша 2:1 есебімен жеңіске жеткен “Астана” Қазақстан клубтары арасында бірінші болып, чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Никосиядағы қарымта матчта АПОЭЛ ойыншысы Семир Штилич 60-минутта айып добынан гол салған. Ал 84 минутта “Астананың” сербиялық ойыншысы Неманья Максимович есепті теңестіріп кетті.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін Монакода өтеді.

XS
SM
MD
LG