Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан шекарашылары Кашмирде атысты


Кашмир аймағында Пәкістанмен шекарада тұрған үндістандық шекарашы. (Көрнекі сурет).
Кашмир аймағында Пәкістанмен шекарада тұрған үндістандық шекарашы. (Көрнекі сурет).

Үндістан мен Пәкістан шекарашылары даулы Кашмир аймағында оқ атысып, екі үндістандық бейбіт тұрғын қаза тапты. Жанжалдан 16 адам жараланған.

Үндістан билігі Пәкістан шекарашыларын 27 тамызда оқ атып, өз шекарашыларын қарсы оқ атуға арандатты деп айыптады.

Пәкістан жағы жанжалға қатысты түсінік берген жоқ.

Екі ел 2003 жылы Кашмирде бейбіт келісім жасалғаннан кейін оқ ату азайған. Бірақ ара-тұра шекарада оқ атылып, адам өліміне әкеп соқтыратын жағдайлар болып тұрады.

Осы апта басында екі ел қауіпсіздік қызметтері өкілдерінің жоспарлы кездесуі жиынның күн тәртібіне қатысты келіспеушіліктен кейін өтпей қалған.

XS
SM
MD
LG