Австрия ішкі істер министрлігі Венгриямен шекараға жақын жолға қалдырып кеткен жүк көлігінен табылған өлген мигранттар саны 70-тен асқанын хабарлады. Кеше министрлік мерт болған мигранттар саны 50-ге жетуі мүмкін деген еді.
Тоңазтқышы бар жүк көлігі Вена мен Будапешт арасын жалғайтын жол бойына қойылып кеткен.
Германия канцлері Ангела Меркель мигранттар өлімі 27 тамызда Венадағы саммитте мигранттар мәселесін талқылап жатқан Еуропа елдері басшыларын тіксінткенін мәлімдеді.
Еуропа Одағы (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини бұл қайғылы оқиға ЕО елдерін "жауапты шешім қабылдауға мәжбүрлейтініне" үмітті екенін білдірді.
Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич ЕО елдерін толассыз келіп жатқан мигранттар ағынын бірлесе реттеуге шақырды.
Шілде айында ғана Таяу Шығыс пен Африкадан Еуропаға аймағына келген босқындар саны 107,5 мыңнан асқан.