Accessibility links

АҚШ-тың Виргиния штатының соты «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қолдау білдірген деген айып тағылған 17 жастағы Әли Шукри Әминді 11 жыл 4 айға түрме жазасына кесті.

Сот үкіміне сәйкес, ол жазасын өтеп шыққан соң өмір бойы полиция қадағалауында болады және оның интернеттегі іс-әрекеттері де бақылауда болмақ.

Манассас деген шағын қала тұрғыны Әли Шукри Әмин маусым айында өзіне тағылған айыптарды мойындаған.

Тергеушілер Әминнің виртуалдық ақша – Bitcoin ізін қалай жасыруға болатыны туралы экстремистік топты жақтаушыларға Twitter әлеуметтік желісі арқылы нұсқаулар жіберіп отырғанын анықтаған.

Бақылаушылар бұл АҚШ-та экстремистерге материалдық көмек көрсеткені үшін сотталған жасы кәмелетке толмаған алғашқы адам екенін айтады.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG