Accessibility links

Назарбаев ғарышкер Айымбетовке сәттілік тіледі


«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы: Айдын Айымбетов (оң жақта), Сергей Волков (ортада) және Андреас Могенсен. Мәскеу, 7 тамыз 2015 жыл.
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы: Айдын Айымбетов (оң жақта), Сергей Волков (ортада) және Андреас Могенсен. Мәскеу, 7 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық ғарыш станциясына сапарының табысты болуына және алға қойған барлық міндетінің орындалуына тілектестігін білдірді деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

Құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков, Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты даниялық Андреас Могенсен және «Қазғарыш» ғарышкері Айдын Айымбетов бар экипаж «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен қыркүйектің 2-і күні Байқоңырдан ұшады деп жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, Могенсен мен Айымбетов қыркүйектің 12-і күні Жерге оралмақ.

XS
SM
MD
LG