Пәкістаннан 90 мың ауғанстандық босқын өз отанына оралды. Пәкістан билігі қабылдаған заң бойынша, 2015 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін ауған босқындары еліне қайтулары тиіс. Босқындар өздерін паналап келген жерден шығарғанда полиция қызметкерлері күш қолдануға дейін барғанын айтады. Фотогалерея авторы - Ваива Катинайтытэ.
Пәкістан ауған босқындарын еліне қайтармақ

1
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік деректеріне сәйкес, Пәкістанда 1,5 миллионға дейін ауғанстандық босқын бар. Олар мұнда 20-ғасырдың екінші жартысында өз Отанындағы соғыстан бассауғалап келген. Бейресми деректер бойынша, Пәкістандағы ауған босқындарының саны – 3,5 миллионға жуық.

2
Босқындардың көптеп ағылуы Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасқа да кері әсер етті.

3
Пәкістан билігі қабылдаған ресми жарлық бойынша, 2015 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін бұл елдегі ауған босқындарының барлығы, тіпті қолдарында пәкістандық ықтиярхат құжаты барлар да өз Отанына қайтуы тиіс.

4
Ауғанстанға Пәкістаннан қайтып оралғандардың көпшілігі ел астанасы – Кабулға тұрақтауды жөн көреді. Бірақ онда тұратын баспаналары жоқ.
Суретте – босқындарға су мен тамақ беріп көмектесіп жүрген Кабул тұрғыны Қажы Ханзада.
Суретте – босқындарға су мен тамақ беріп көмектесіп жүрген Кабул тұрғыны Қажы Ханзада.

5
Кабулдың маңайында кілең балшықтан соғылған үйлерден тұратын шағын аудандар пайда болды. Оларда Отанына қайтып оралған босқындар тұрып жатыр. Бұл аудандарда электр қуаты, су құбыры мен кәріз желісі атымен жоқ.

6
Пәкістанда туған босқын балаларында пәкістандық төлқұжат болғандықтан, Кабулда олар мектепке де, ауруханаға да бара алмайды - құқықтары жоқ.

7
Босқындар өздерін полицейлер жиі ұстайтынын, ұрып-соғып, кейде өз үйлерінен күшпен шығаратынын айтады.

8
Полицияның әлімжеттілігі 2014 жылы желтоқсанда Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавардағы мектепке ауғанстандық «Талибан» қозғалысы жасаған шабуылдан соң басталған. Сол жолғы шабуыл салдарынан 150 адам, негізінен – балалар мерт болған еді.

9
Көшіп келгендерге жұмыс табу өте қиын, көпшілігі мемлекет беретін болмашы жәрдемақыға өмір сүріп жатыр. Кейбіреулері жұрттан қайыр сұрауға мәжбүр.

10
Мына суреттегі 8-жасар Неджиннің отбасымен бірге қала шетінде тұрып жатқанына екі ай болған.

11
Тек бірнеше отбасыға ғана Пәкістаннан өздерімен бірге дүние-мүлкін алып келудің сәті түскен. Босқандардың көпшілігі Ауғанстанға Пәкістаннан жеңіл-желпі жүкпен келген.