Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 144 километр жерде бүгін қуаты 4,7 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық орталығы.
Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:32-де болған. Зілзала ошағы Қазақстан территориясында, жердің 10 километр тереңдігінде болған.
Орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпуі Алматы облысының Күрті ауылында екі балл шамасында сезілген.