Accessibility links

Назарбаев: Парламент сессиясын спикер де ашуға болады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп тұр. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп тұр. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.

Сапармен Қытайда жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбав парламент сессиясы жұмысын ашуды мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповқа тапсырғанын айтты.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Назарбаев Пекинде баспасөз конференциясында конституция бойынша парламент сессиясы жұмысын өзі ашуы керегін, бірақ конституция бұл міндетті парламент спикеріне тапсыруға рұқсат ететінін мәлімдеген.

Назарбаевтың айтуынша, парламент жыл соңына дейін 57 заң жобасы мен заңға түзетулер енгізу құжаттарын мақұлдауы қажет.​

Бүгін Бесінші сессияның бесінші шақырылымын мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов ашқан. Сессияның ашылуына премьер-министр Карим Мәсімов, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, президент әкімшілігінің өкілдері, жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми қатысқан.

Назарбаев Қытайға төрт күндік сапармен 30 тамыз күні барған.

XS
SM
MD
LG