Accessibility links

Тулбаевтың адвокаты тінту хаттамасын заңсыз деп тануды сұрады


Сәкен Тулбаев (оң жақта) Бостандық аудандық сотында. Алматы, 28 мамыр 2015 жыл.
Сәкен Тулбаев (оң жақта) Бостандық аудандық сотында. Алматы, 28 мамыр 2015 жыл.

Алматы қалалық соты бүгін "діни алауыздықты өршітті" және "тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына мүше болды" деген айыппен төрт жыл 8 айға сотталған Сәкен Тулбаевтың апелляциялық шағымын қарай бастады.

Сотта Тулбаевтың адвокаты Айман Омарова өзіне Тулбаевтың пәтерін тінту кезінде түсірілген видео материалдармен таныстыруды сұраған. Адвокат тінту кезінде табылған үнпарақтар жасырын тасталған деп санайды. Адвокат үнпарақтағы ұрандар "Таблиғи Жамағат" ұйымының ұрандарымен сай келмейді деп санап, 2015 жылдың 11 ақпанында жасалған тінту хаттамасын "жеткілікті дәлел емес" деп тануды сұрайды.

Омарованың айтуынша, үнпарақтағы ұрандар "Таблиғи Жамағат" ұйымы күресіп жүрген "Хизб ут-Тахрир" экстремистік ұйымына тиесілі дейді. Адвокат бұған қоса сот үкім шығаруға негіз етіп алған "құпия материалдарды" көрсетуді де сұрайды.

Бостандық аудандық соты 46 жастағы алматылық тұрғын Сәкен Тулбаевқа үкімді шілденің 2-сі күні шығарған. Тулбаев өзіне тағылған «діни алауыздықты өршітті» деген айыпты мойындаудан бас тартып, «Таблиғи жамағат» ұйымы жоқ болғандықтан оның мүшесі болуым мүмкін емес» деп мәлімдеген.

Келесі сот отырысы 7 қыркүйекке белгіленді.

XS
SM
MD
LG