Accessibility links

АҚШ конгресі Иран келісімін қолдай бастады


АҚШ конгресінің ғимараты - Капитолий.
АҚШ конгресінің ғимараты - Капитолий.

Осыған дейін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге қарсы шығып келген АҚШ конгресі бұл келісімді қолдай бастады.

Иран келісімін жиі сынап келген екі сенатор Боб Кейси мен Крис Кунс бұл жолы қолдау білдіретіндерін мәлімдеді. Осыдан кейін конгрестегі Иран келісімін қолдайтындр саны 33-ке (31-і демократ, екеуі палатаның тәуелсіз мүшеcі) жетті.

Ал демократиялық партияның екі өкілі келісімге қарсы дауыс беретіндерін айтқан. Иран келісімі АҚШ конгресінде қолдау табу үшін 34 сенатор қолдап дауыс беру керек.

XS
SM
MD
LG