Қазақстан халқы Құрбан айт мейрамына байланысты қыркүйек айында бір күн демалады. 24-27 қыркүйек аралығында өтетін Құрбан айттың бірінші күні, яғни 24 қыркүйек, бейсенбі Қазақстанда демалыс болады. Бұл туралы egov.kz порталында хабарланған.
Құрбан айт мейрамы жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Шариғат бойынша Құрбан айтта мұсылмандар құрбан шалады. Шамасы келгендер қажылық өтейді.
Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралайды, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.