Accessibility links

Венгрияда босқындар тағы да наразылық танытты


Келети теміржол станциясы маңындағы мигранттар. Будапешт, Венгрия, 2 қыркүйек 2015 жыл.
Келети теміржол станциясы маңындағы мигранттар. Будапешт, Венгрия, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Германия мен батыс Еуропаның өзге де бақуатты елдеріне кетпек болған жүздеген босқын Будапештегі Келети халықаралық теміржол станциясы маңында бүгін екінші күн наразылық танытты. Наразылық танытушылар "Біздің қалайтынымыз және бізге керегі бейбітшілік!" деп ұрандатты.

1 қыркүйекте полиция станцияны жауып, оған тек визасы мен паспорты барларды ғана өткізе бастаған соң 2 мыңнан астам мигрант станцияға кіре алмай қалған.

Үкімет өкілі "Венгрия мигранттарды пойыздарға қайта өткізе ме?" деген сұраққа Венгрияның Еуропа Одағының (ЕО) заңдарын басшылыққа алды деп жауап берді.

"ЕО территориясында заңсыз мигранттар ары қарай тек жарамды құжатпен және ЕО заңдарына бағына отырып жүреді" деді үкімет өкілі.

Биыл жазда Еуропаға Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен келіп жатқан босқындар саны күрт көбейіп, оларды ары қарай Еуропаға жіберу, орналастыруда мәселелер туындап отыр. Венгрия тамыз айының өзінде елге 50 мың мигрант келгенін айтады.

XS
SM
MD
LG