Accessibility links

Үндістанда миллиондаған жұмысшы ереуілге шықты


Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.

Үндістанда бүгін премьер-министр Нарендра Моди үкіметінің еңбек заңын реформалауына қарсы бір күндік жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Үндістан кәсіподақтары конгресінің дерегінше, ереуілге 150 миллионнан астам адам қатысып жатыр. France Press агенттігінің хабарлауынша, олардың арасында банк, транспорт саласының, құрылыс және тау-кен компанияларының, бірнеше фабриканың жұмысшылары бар.

Ереуілді ұйымдастырушы ірі кәсіподақтар еңбек туралы заңға өзгерістер жұмысшыларды қысқарту мен кәсіпорынды жабу ережелерін жеңілдетеді деп санайды. Соңғы екі жылда Үндістанда мұндай ауқымды ереуіл болмаған.

Көп қалада ереуіл бейбіт түрде өтіп жатыр. Дегенмен, Батыс Бенгалия штатында белсенділер мен полиция арасында қақтығыс болған. Калькутта қаласында полиция өздеріне тас атқан шерушілерге резеңке таяқ қолданған. Шамамен 200-дей адам тұтқындалған.

Сарапшылардың болжамынша, ереуілден келген шығын 3 милилард 700 миллион АҚШ долларын құрайды.

XS
SM
MD
LG