Accessibility links

Австрияға Венгриядан мыңдаған мигрант келіп жатыр


Будапештен Австрия шекарасына қарай жаяу бара жатқан мигранттар. 4 қыркүйек 2015 жыл.
Будапештен Австрия шекарасына қарай жаяу бара жатқан мигранттар. 4 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Австрияға Венгриядан екі мыңнан аса заңсыз мигрант келді. Жұма күні Венгрия билігі соңғы кезде өз аумағында болған босқындарға арнайы автобустар бөлген еді. Сол күні бірнеше жүз босқын Будапештегі Келети теміржол вокзалынан Австрияны бетке алып жаяу шыққан. Бүгін күн барысында босқындардың тағы бірнеше тобы Австрияға жетпек.

Бұған дейін Австрия босқындардың шекарадан өз аумағына кіріп, одан ары батысқа қарай өтуіне рұқсат беретіні туралы Германия үкіметімен келіскен.

Оның алдында Будапешт Еуропа Одағы ережесіне сәйкес босқындардың тіркелуге міндетті екенін алға тартып, оларды өз территориясы арқылы өткізуден бас тартқан еді.

Жұма күні Венгрияның Сербиямен шекарасы маңындағы Роске қаласында мигранттарға арналған лагерьден қашып шыққан 300-дей мигрант бірнеше шағын топқа бөлініп, із жасырған.

Жыл басынан бері Венгрияға Сербия жері арқылы 40 мыңнан аса мигрант келген. Будапешт көрші елден ағылып келіп жатқан мигранттарға тосқауыл қою мақсатымен Сербиямен шекарасына биіктігі 3,5 метрлік дуал тұрғызып жатыр.

XS
SM
MD
LG